Осы жылдың ең жарқын жаңалығын қарсы алыңыз - «Assortea» шайы!

«Assortea» шайының 6 тамсандырар дәмі «өмір қызып тұрғанда» Сіздерге қуат береді, көңіліңізді көтереді және сергектік сыйлайды!

«Assortea» шайларының бірегейлігі неде?

«Assortea» шайының керемет араласымы кения шайының жұмсақтығы мен жұпарын және де үнді шайының қанықтығы мен сергектігін қамтиды. «Assortea» шайының әр дәмі күн сайын денеңізді әлдендіріп, сергітуге арнап шығарылған!

Барлығына өзіңнің шынымен кім екеніңді көрсеткің келгенде тежелетін уақыт емес!

ЖАҢА YetiEnergy – қосымша Қуаттың ең күшті көзі!

Бірегей формуласының арқасында YetiEnergy барлық физикалық және ақыл-ой әлеуетіңізді ашу қажет болған жағдайларда бір мезгілде күш пен сенімділік береді!

Yeti-мен сен мүмкіндіктеріңді барынша толық пайдаланатын боласың!

Бұл экстремалдық сапарлар үшін, қызу кештер үшін, шаршататын сессиялар мен белсенді демалыс үшін ең жақсы шешім.

Өмірдің әр жағдайына арнап өз Yeti-іңді таңда және тасбақа болма!

- Yeti Original 0.4l PET, 0.33l CAN. Кез келген жағдайлар үшін шартсыз хит! Бүкіл әлем сүйетін барбарис дәмі бар энергетик.

- Yeti Tropic Energy 0.4l PET. Құрамында 48% табиғи шырын! Қызу кездесулер мен бас айналдырар кештер үшін керемет шешім!

- Yeti Coffee Energy 0.4l PET. Құрамында керемет табиғи кофе бар! Кеңсе қызметкерлері мен нағыз кофені бағалайтындар үшін арнайы әзірленген.

«Нектар Солнечный» - бұл дәм мен өмір рахатын сыйлайтын сапалы әрі қолжетімді шырынды сусындар!

Алуан түрлі ұнамды дәмдер, пішіндер мен қолжетімді баға – бұл қасиеттер арқасында «Нектар Солнечный» салтанатқа, балалар мерекесіне, сейілдерге, отбасылық дастарханға және миллиондаған басқа жанға жағымды оқиғаларға тамаша сусын болмақ. «Нектар Солнечный» сергіткіш және дәмді болғаны соншалықты, онымен бірге өмірдің әр сәтімен рахаттанғың келеді! Ал жаңа тартымды «Нектар Солнечный» қаптамасының дизайны – қуанышқа бөлейтін тағы бір себеп!

Ауасы әрқашан таза, желі самал әрі адам аяғы баспаған жерде тау мұздықтары - A'SU  суының қайнар көзі өріс алады. Табиғи сүзгіден өткен, табиғат күшін сіңірген және кәсіпқойлар қолымен ұқыпты сақталған  A'SU мөлдір суы денсаулыққа, үйлесімдік пен сұлулыққа ұмтылған әрбір адам үшін қол жетімді!

Минералдар мен микроэлементтердің теңгерімді құрамы, жұмсақ дәмі мен тамаша сапасының арқасында A'SU ағзаға толық сіңіп, жастық пен сергектікті сақтауға көмектеседі.

A'SU –  толыққанды әрі мәнді өмір сүретін белсенді адамдардың таңдауы.

A'SU өз жетістіктерімен көпшілікке танымал ASTANA Pro Team велокомандасының ресми суы болып табылады. Халықаралық жарыстарда және ауыр жаттығулар кезінде спортшылар Іле Алатауының таза мөлдір суын ішеді. ASTANA Pro Team командасы тамаша көңіл күй мен тонус үшін өздеріне не керектігін біледі және A'SU-ды таңдайды.

 

 

Шәйдің негізіндегі Lipton Ice Tea сусынының бірегей дәмдік сапалары бар. Оның жағымды сергіткіш дәмі мен табиғилығы белсенді және салауатты өмір салтының ұстанушыларын өзіне еліктіреді.

LIPTON ICE TEA – ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ СЕРГІТ ЖӘНЕ ТАБИҒИ КҮШ-ҚУАТ АЛ.

Lipton Ice Tea шәйі бойына жеміс-жидектер қосылған табиғи энергияны сіңірген. Оның тәттілігі қалыпты ғана, антиоксиданттарға бай және құрамында жасанды ингредиенттер мен консерванттары жоқ. Сондықтан, ол тәтті ғана болып қоймай, сонымен қатар пайдалы.

Lipton Green Ice Tea шәйінің әрбір бөтелкесі сізге жаңа ғана қайнаған көк шәйдің бүкіл күші мен пайдалы қасиеттерін, бірақ анағұрлым дәмді және қолайлы қалпында береді.



«DADA» - RG Brands компаниясының мұрасы

1999 жылы құрылған (компанияның ең бірінші бренді).

Қазақстанның 19-дан астам ірі қаласында және Ресейдің 9 қаласында сатылады.

Шырындар мен балшырындар арасында танымалдық деңгейі ең жоғары бренд (99,5%)*.

“Dada” әулеті:

  • Dada шырындары мен балшырындары
  • Dada Дача шырындары мен балшырындары
  • 3 жастан асқан балаларға арналған Dada Точно Сочно балшырындары
  • Dada Day шырынды сусыны

Dada шырындары мен балшырындары – 15 жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы отандық өндірістің ең әйгілі сауда белгілерінің бірі.

Жоғары сапалы ингредиенттер, консерванттар мен бояғыштардың жоқтығы, кең ауқымды ассортимент пен өзгеріссіз жоғары сапа – осы үшін Dada таңдауға және бағалауға тұрарлық.

Біздің сатып алушыларымыз өздерінің жақындары мен өздерін қалай ойласа, біз де олардың қамын тап солай ойлауға тырысамыз. Сондықтан біздің ұсынатынымыз тек 100% табиғи және пайдалы. Dada өз сатып алушыларының отбасылық құндылықтарын бағалайды, олармен бірге қарапайым адами нәрселерге қуанып, жақсылық пен жайлылық сезімін ұялатады.

Сіздердің қамыңызды ойлай отырып, Іле Алатау аймағында өсірілген экологиялық таза алманы ұсынатынымызды және Dada Дача өндірісі үшін «Алма-Ата алмалары» қолданылатынын шын мәнінде мақтан тұтатынымызды айта кеткен жөн.

*Дереккөзі: Aided awareness rate, Millward Brown “Kazakhstan Juice Market” August, 2015.

DaDa Day сені өз қалауларыңа «иә» дейтіндей сергітеді. Брендтің негізінде әрекет етуге ықылас, үйреншікті және әдеттегі нәрселерге қарсылық білдіру ниеті жатыр. Бәрі жабылып «жоқ» деп, бір орынға қадалып қалған жерде бренд бүкіл жас әрі жаңа нәрсеге, жарқын эмоциялар мен сезімдерге ашықтан-ашық «иә» демек. Брендтің идеясы қалыптан тыс ойлауда, өзін ашып көрсете білуде, өзіңді «бәрінің артынан еріп жүре бермейтін», жақсы беталыстар тудыра білетін адам ретінде сезініп, тануда жатыр.

Әр дәмі ерекше және өзіндік бір эмоциясы бар. DaDa Day дәмдерінің топтамасы қазіргі заманғы дос-жарандарыңа ұқсайды – онда бір-бірін толықтыра түсетін неше түрлі жарқын әрі қызықты дәмдер бар.

Gracio – премиумдық қант қосылмаған жүз пайыздық шырын.

Онда жеміс те, стиль де молынан бар. Gracio мәнерлі әрі сәнді. Кез келген талғампаз үшін. Міне сондықтан ол сондай тартымды әрі қалаулы. Ал жаңалары - Анар мен Манго – өз әуесқойларын тапты. Ал Сіз дәмін татып көрдіңіз бе?

Құмарлыққа бой беріңіз. Бұл сондай… шабыт береді.

 

 

Pepsi – әлемнің ең белгілі халықаралық брендтерінің бірі PepsiCo компаниясының алкогольсіз газдалған сусыны, оны тіпті біздің ғаламшардың барынша шалғайда орналасқан жерлерінде де біледі және жақсы көреді.

Pepsi-ді тұңғыш рет 1898 жылы Солтүстік Каролина (АҚШ) штатына қарасты Нью-Берн қаласында жас дәріхана сатушысы Калеб Брэдхем жасаған. Сауда белгісі 1903 жылдың 16 маусымында тіркелген болатын. Әуелде бұл бренд Pepsi-cola деп аталған, бірақ 90-жылдарда, ребрендингпен қатар, бұл атауды оңайлату және қысқарту туралы шешім қабылданып, тек «Pepsi» ғана қалдырылған болатын.

Pepsi – көңіл көтергенді ұнататындар, толықтай беріліп дем алатындар және бар құмарымен өмір сүретіндер үшін жасалған! Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі, оның ішінде Қазақстандағы жарнама компанияларында осындай өмірдің нағыз мысалы болып табылатын шоу-бизнестің ең белгілі жұлдыздарының аттары қолдаланылады.

Facebook ВКонтакте Instagramm

 

 

AportSchorle – бұл бірінші қазақстандық шорле. Инновациялық сусын табиғи шырын мен сергітетін газдалған су миксін білдіреді.

AportSchorle жергілікті дәм басымдықтарын ескере отырып, шарле санатты сусындар өндірісінің еуропалық технологиялары бойынша жасалған. AportSchorle құрамына әдеттегідей алма шырыны кіреді. Бұдан басқа сусынға басқа танымал жидектер мен жемістердің шырындары қосылады: таңқурай, қарақат, арони (қаражемісті шетен), лимон және бузин. Тұтынушыларға таңдауға 3 тәтті шорле ұсынылады.

«Алма» және «Алма-құлпынай» дәмінің шырындық үлесі 30%, «Мультижеміс» – 20% құрайды. Aport Schorle өндірісте бояғыштар, консерванттар мен тағамдық қоспаларды пайдаланбайды, құрамында қанты аз. Aport Schorle – пайдалы және дәмді отандық өнім ғана емес: бұл сусын әрі орташа газдалған және шөлді жақсы басады, сергітеді. Aport Schorle Қазақстан мен Орталық Азия нарығында екі ең танымал форматтарда – көлемі 0,4 л және 1,25 л бөтелкелерде ұсынылады.

7UP – лайм дәмі бар тәтті газдалған сусын.

Сусынның формуласы, оған «Bib-Label Lithiated Lemon-Lime» деген ұзын және айтылуы өте қиын ат берген американдық Чарльз Лейпер Григг 1929 жылы жасап шығарған сәттен бастап бірнеше рет өзгерген еді. Формуланың соңғы өзгертілуі 2006 жылы іске асырылған болатын. Осы сәтке дейін 7UP формуласына 7 ингредиент кірген, соның арқасында 1936 жылы брендтің қазіргі аты пайда болған. «UP» жоғары көтеріліп тұратын көпіршіктерді білдіреді.

Өзінің құрамдас бөліктерінің арқасында, 7UP бірден көңіл-күйді көтереді. Сондықтан сусынның ұраны және барлық жарнама кампанияларының мағынасы – «мұңайма!» дегенді білдіреді. 7UP адамдарды тіпті ең бір күрделі жағдайлардан әрқашан да оңай жол табатын нағыз сеніммен қараушылар етіп шығарады.

Мое сүті майлылық деңгейі жағынан да, дәмдеуіш қоспалары бойынша да өнімнің кең ауқымды ассортиментінде ұсынылған. Мое сүті – нағыз табиғи, дәмді де пайдалы болып табылады!

Біздің сүтті өндірген кезде: 
- тек қана ең жоғарысапалы шикізат пайдаланылады;
- жоғарытемпературалық технология дәрумендердің, ақуыздар мен басқа да қоректік заттардың сақталуына кепілдік береді;
- консерванттар мен жасанды қоспалар қолданылмайды;
- ал бірегей қаптамасы өнімді жарық пен ауаның әсерінен қорғайды, оны бөлме температурасы кезінде 6 ай бойында өз қалпында сақтап тұрады.



Mirinda – шырын қосылған тәтті газдалған сусынның бүкіл әлемге танымал бренді.

Миринданың әртүрлі дәмге ие көптеген түрлері бар, олар: апельсин, алма, грейпфрут, құлпынай, ананас, банан, жүзім.

«Mirinda» деген ат халықаралық «эсперанто» тілінен алынған, және түпнұсқасы «admirable, wonderful» - «қадырменді, тамаша» дегенді білдіреді.

«Гризли» қазақстандық табиғи картофельден дайындалған және жоғарысапалы пальма майында қуырылған.

«Гризли» чипстері – қазіргі заманғы және белсенді адамның айнымас серігі. Олар қарынның ашығуын тез басуға және энергияның қуатты көзін алуға мүмкіндік береді! Қай жерде болмасын, серуен кезінде де, кинотеатрда да, пикникте де немесе басқосу кезінде де, «Гризлидің» қайталанбас дәмдері өміріңді бұрынғысынан да қызықты және жарқын түске бояйды!

«Пиала GOLD» шайымен өмірдің жарқын да ұмытылмас мезеттерін өлшеуге болады.

Құрбыңмен әңгімелессең де, жанұямен дастархан басына жиналсаң да, жақыныңмен жүздессең де – кез келген уақиға барысында «Пиала GOLD» шайының бір-екі, тіпті одан да көп кесесі ішіледі.

«Пиала GOLD» шайларының алуан түрлі қатары, әркімге өз шайын таңдауға мүмкіндік береді. Шай жапырағын тураудың арнайы тәсілі «Пиала GOLD» сергітетін сусынның барлық пайдалы заттардың сақталуына мүмкіндік береді.

«Пиала» шайы әрқайсысының бірегей дәмдік сипаттамалары бар жоғарысапалы сұрыптардан дайындалған.

Citi – бұл жеңіл хош иісі және тәтті дәмі бар салқын сергітетін шәй.Бұл табиғи сусын түрлі жеміс дәмдері қосылған қара немесе көк шәй негізінде жасалған.

Citi купажына лимон (лимон қосылған қара және көк шәй) және шабдалы (шабдалы қосылған қара және көк шәй) шырындары кіреді.

Citi – жеңіл сергіткіш шырын, және, ең бастысы, Citi кез-келген уақытта сергітеді және ширатады, кез-келген жерде және қол жетімді бағаға.