25.07.2017

«ПИАЛА GOLD» шайы және «МОЕ»сүті алматыда өткен 28-ші дүниежүзілік қысқы универсиада 2017 серіктестерімен таңдалып алынған

RG Brands компаниясы «Пиала Gold» маркалы шайымен және «Моё» сүтімен Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ыстық сусын – сүт қосылған шай ұсынуда серіктес болып таңдалынған.

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою себепті баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің жолдаған «Сіз неге тап осы RG Brands компаниясын таңдадыңыз?» деген сұрағына Универсиада аппаратының басшысы Дидар Сағадиев былай жауап берді:

- Спортшыларға жолданған сауалнамадан біз құрама командаларды зерттедік – оқу жиындары уақытында, жаттығу кезінде, жаттығудан соң қандай сауда маркаларын қолданатыны білдік. Осы көрсеткіштердің негізінде, мұқият талдаудан кейін «Пиала Gold» шай маркасы мен «Моё» сүті бар «RG Brands Kazakhstan» компаниясын таңдағанбыз. Анықталғандай, негізінен осы брендтер үлкен сұранысқа ие екен.

2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан кезеңінде спортшыларды, еріктілерді, төрешілерді, бапкерлерді, ақпарат өкілдерін және Универсиаданың басқа да қатысушыларын ыстық шаймен қамтамасыз ету үшін RG Brands компаниясы «Пиала Gold» классикалық қара және көк шайын, сондай-ақ 14 мың литр «МОЁ» сүтін ұсынды. Ұсынылған өнімдерден 700 000 шыны-аяқ сүт қосылған шай дайындалды.

Қазақстан ТМД елдерінің арасынан алғаш рет Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы Алматыда өткізді және осы маңызды халықаралық оқиғаның бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз. Елімізге 36 медаль сыйлап, жүлде қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған Қазақстан құрамасын құттықтаймыз!

Суретте: «RG Brands Kazakhstan» ЖШС бас директоры Тимур Қалтаев және «Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу және дайындық бойынша Дирекциясы» МҚ аппаратының жетекшісі Дидар Сағадиев.

RG Brands өнімдерінің сапасына берілген жоғары баға үшін Қазақстандағы ең сүйікті ыстық сусын – сүт қосылған шайды халықаралық аренада танытудағы сенім мен ниеттестік үшін тұтынушыларға алғыс айтамыз. Спорттық ойындардың қонақтары хош иісті және сергітетін шайдан тек рахат алып қана қоймай, сондай-ақ қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі – жылы қонақжайлылық пен достық ниетте шай ішу өнерімен танысқанына сенімдіміз.

Тақырып бойынша БАҚ жаңалық репортаждары осында:

Алматыдағы Универсиада күндері қатысушылар мен еріктілер үшін 700 000 шыны-аяқ сүт қосылған шай дайындалатын болады.