25.07.2017

«Адамдардың өмір сапасын жақсарту» міндетін іске асыра отырып, RG Brands бренді өз тұтынушыларын өмірдің түрлі саласында қостап жүреді

«Адамдардың өмір сапасын жақсарту» міндетін іске асыра отырып, RG Brands бренді өз тұтынушыларын өмірдің түрлі саласында – мейлі ол отбасылық салтанат, балалар мерекесі немесе кәсіби Чемпионаттағы кезекті шыңға жету жетістігі болсын, қостап жүреді. ASU және Gracio брендтері ерлер арасындағы көркем гимнастикадан 9-шы Азия Чемпионаты мен жасөспірімдер арасындағы көркем гимнастикадан 15-ші Азия Чемпионатында спортшылардың керемет бабында болуына көмектесе отырып, таныстырылған болатын.

2017 жылғы маусымның 24 мен 27-сі аралығында Астана қ. ЕХРО-2017 Арнайы халықаралық көрмесінің аясында сайыстарға Азия аймағының 14 елінен 153 мықты гимнастшылар қатысты. Қоржынына 6 алтын, 2 күміс, 4 қола, жалпы 12 медальды еншілеген Қазақстан Республикасының құрама командасын құттықтаймыз!

Мүмкін, біздің берекелі көп ұлтты Отанымызда табысқа бастаушы алғашқы қадамдарын жасаған арудың, көркем гимнастиканың жаңа әлемдік жұлдызының есімін таяуда білетін боламыз.