25.07.2017

«СОЛНЕЧНЫЙ» ЛИМОНАДЫН ҰСЫНАМЫЗ! Табиғи жеміс шырыны қосылған алғашқы лимонад

Достар, керемет жаңалық бар! Біз «Солнечный» брендімен табиғи жеміс шырыны қосылған алғашқы лимонадты нарыққа шығардық. «Солнечный» лимонады — жемістердің пайдалы қасиеттері мен классикалық лимонадтың құндылығын өзіне жинақтаған бірегей сусын. Бүгінгі сұрыпталымда үш ғажап дәм: балалық шақтан ұнамды болған «Дюшес» және «Буратино», сондай-ақ жаңа — жеміс-жидектер дәмінің қоспасы «Тутти-Фрутти» бар. Олардың әрқайсысы жеміс үлесінің арқасында сергітіп қана қоймай, сондай-ақ жемістердің пайдалы қасиеттерін сыйлайды.

«Солнечный» лимонады «шуақты» брендтерінің үлкен отбасын тиімді толықтырады. «Солнечный» күмәнсіз артықшылыққа ие – оның құрамында табиғи жеміс шырыны бар. Бұл басқа газдалған сусындардан брендті тиімді ажыратады. «Солнечный» —тек дәмді ғана емес, сондай-ақ пайдалы лимонад. Жаздың аптап ыстығында, мерекелік дастарханда немесе жай ғана сейілге шыққанда – ол қашанда жанымызда.

Балалы үлкен отбасыларға немесе жас жанұяларға баға мен сапаның арақатынасы ерекше маңызды.

«Солнечный» лимонады дәмді, пайдалы және қолжетімді.

«Солнечный» лимонадының Сізді және Сіздің отбасыңызды да қуантатынына сенеміз. Татып көріңіз, рахаттаныңыз, жақындарыңызбен бөлісіңіз!

Сізге жаздың бар жақсылығын тілейміз!