20.07.2017

ASU суы – «Арманға жол» Қарағанды Марафонының ресми серіктесі

Марафон ұйымдастырушысы – Афиныда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бүгінде жеңіл атлетикадан Қарағанды балалар спорт мектебінің директоры Дмитрий Карпов былай дейді:

- Біз ресми серіктесіміз A’SU маркасына алғысымызды білдіреміз. Олардың көмегінсіз су тапшылығы мәселесін шеше алмайтын едік. Жүгіруге үш мың адам қатысады деген жоспарымыз еселеніп, 5000 адам жарыс алаңынан табылды. Ауа температурасы 30 градустық көрсеткішке жетті, егер су тапшылығы сезілгенде, жағдай басқаша болары сөзсіз. Бұл мәселеде RGBrands компаниясы өз ісінің шебері екеніне көз жеткіздік, сондықтан, алдағы уақытта марафон өткізуге ниетті жандарға A’SU маркасымен жұмыс жасауға кеңес береміз.

- Бұқаралық шараларды, соның ішінде марафон да бар, қолдаудағы мол тәжірибеге сүйене отырып, біз аламанға қатысатындардың саны артатынын, жарыс қарсаңында тіркелгеннен де асып түсетінін назарда ұстадық. Ұйымдастырушылардың тәжірибесінің аздығына байланысты біздің компания ұсыныс тастап, судың артық қорын жасаған. Және бұл дұрыс шешім болып шықты. Алдында жоспарланып, марафонға алып келген 4000 литрдің орнына жүгіруге қатысқандарға 5000 литрден артық су мен сусындар тараттық. Ыстық ауа райын ескере отырып, адамдардың шөліркеуінің алдын алуға көмектескенбіз, өйткені марафонда қауіпсіздік ережесін сақтамаудың өмірге қауіпті екендігі мәлім. Көп жылдық тәжірибемізге сүйене отырып, біз мұны жақсы түсінеміз, шектеулі қозғалыстың әртүрлі жағдайында суды жеткізу ісін жақсы білеміз, – дейді RGBrands Kazakhstan іс-шараларды басқару және коммуникациялар бойынша директоры Юлия Молдабергенова.

RGBrands командасы балалар қашықтығындағы қатысушылар үшін арнайы мәре маңында түтікпен ішілетін сусындар мен салқын шай таратуды ұйымдастырған. Шаршаңқы ұлдар мен қыздар сусындарды рахаттанып алып жатты. Марафонда A’SU суы және сусындарды тарату үшін RGBrands компаниясы бөтелкедегі су тұратын екі шатыр тіккен. Еріктілердің бір командасы сөре мен мәре алаңында марафонға қатысушыларға, алдымен балаларға, содан кейін үлкендерге сусындарды тегін таратты. Еріктілердің келесі тобы жарыс жолында тұрды. Осы топ марафонда алыс қашықтыққа жүгірушілерге стаканға құйылған суды беріп жатты. Спортшылар суды үстілеріне құятын немесе ішіп алатын.

Алайда, салауатты өмір салты – тек жақсы денсаулық пен таза су ғана емес. Бұл сонымен бірге біз тұратын қаланың тазалығы да. Сондықтан, RGBrands компаниясы жергілікті «ГорКомТранс» ЖШС кәсіпорнымен серіктесе отырып, марафоннан кейін қалған пластик бөтелкелерді жинастырып, кәдеге жаратуға арналған арнайы себеттерді орнатуды ұйымдастырған.

- A’SU бренді осылайша спортшыларды таза сумен қамтамасыз етіп, марафонда жүгіруге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ марафоншылар мен Қарағанды қаласы қонақтарының қала тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуына да мүмкіндік ұсынған болатын, – деп RGBrands Kazakhstan шараларды басқару және коммуникациялар бойынша директоры Юлия Молдабергенова марафонды қолдау туралы өз ойын білдірді.

- Біз әркімге өз марафонын жүгіріп өтуге көмектесу әдісімізді жалғастырамыз, сондай-ақ адамдарды марафон тазалығын сақтауға шақырамыз. Бұл Қарағандыда алғаш рет өткізілген қала үшін үлкен спорт мерекесі, біз көмек қолын созуға және қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Аталған марафон Қарағанды үшін игі дәстүрге айналатынына және өз қызметін ұзақ уақытқа жалғайтынына сенеміз. Біз қолдау көрсетеміз!