13.02.2017

DADA шырыны: күннің ең жақсы бастамасы

Depot WPF брендинг агенттігі мен RG Brands компаниясы Қазақстандағы шырын брендтерінің бірі – DaDa қаптамасының дизайнын қайта жасады. Жаңа қаптама тұтынушыларға DaDa шырындарының салауатты күннің бастамасы ретінде дұрыс таңдау екенін анық байқатады.

Aided awareness rate, Millward Brown мәліметі бойынша (2016 ж. мамыр) DaDa — Қазақстан нарығындағы шырындар мен балшырындардың арасында танымалдық деңгейі ең жоғары брендтердің бірі (95%) және RG Brands компаниясының озат сауда маркаларының бірі. DaDa шырындары мен балшырындары Қазақстанның 20 ірі қаласы мен Ресейдің 24 қаласында сатылуда.

Таяу уақытқа дейін DaDa отбасылық тұтыну өнімі ретінде жайғастырылып келді, брендтің отбасылық құндылықтарға бағдары «DaDa — бүкіл отбасы үшін» слоганында байқалатын. Алайда, мұндай жайғасым әлдеқашан нарық сұраныстарына жауап беруден қалған, сондықтан RG Brands компаниясы брендті жаңғыртуды ұйғарған. Дизайнды қайта жасау серіктесі ретінде Depot WPF брендинг агенттігі таңдалған болатын.

Зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, жоба тобы DaDa шырынын мол қуат қоры мен қажетті дәрумендер жиыны үйлескен ғажап таңғы сусын ретінде жайғастыруды ұйғарды. Қаптама дизайны бұл жайғасымды, логотиптің бір бөлігіне айналған «Салауатты таң» дескрипторынан бастап, қаптаманың бүйір жақтарындағы инфографика элементтерімен тамаша бейнелейді.

Қаптама дизайнында «парасатты тұтыну» тренді көрініс тапқан: біз қабылдануы жеңіл инфографика үлгісінде DaDa шырындарының жақсы тұстары мен оларды таңертең ішкеннің айырықша пайдасы туралы айтамыз, – дейді жобаның арт-директоры Евгения Струк. — Біз пайдаланған қолдан жасалған таңбалар мен белгілер қаптаманы жылы шырайлы көрсетеді және шырындарымыздың табиғилығын білдіреді. Сонымен бірге, ойнақы типографика брендтің ресмилігін азайтып, DaDa өз тұтынушыларына жақындай түседі және достықпен «сен» деп тіл қатады.

Санаттағы бәрінен ерекше айқын көгілдір түсі дүкен сөресіндегі DaDa брендіне лезде көңіл аудартады және, жеміс-жидектерді одан да татымды бейнелей отырып, азық өнімдері аймағын тиімді айқындай түседі.