01.08.2016

Pepsi Эмоджи – 2016 жазының жаңа жарнамалық кампаниясы

«Pepsi Эмоджи» 2016 жазғы жарнамалық кампаниясының үндеуі – «ЖАЗҒЫ СӘТТЕРІҢМЕН БӨЛІС! ҰТЫП АЛ!». Жастардың тілімен айтқанда, «эмоджи» дегеніміз – халықаралық тіл ретінде барлық елдерде пайдаланылатын танымал cмайликтер. Науқан қатысушыларына www.pepsi.kz сайтында ойын ұсынылады, онда эмоджидің әр түрлі санаттарын таба отырып, Бельгияда өтетін музыкалық фестивальға жолдама немесе Go pro ұтып алуға болады. Әрбір екінші тіркелген код үшін сатып алушы телефон шотына 100 теңге, ал 15 код үшін Pepsi атынан Эмоджи бейнеленген бірегей жазғы футболка алады!

Бұл кампанияның Қазақстандағы әріптесі «Қазпочта» АҚ болды. Постаматтар арқылы жеткізудің ыңғайлы әдісінің арқасында Pepsi жүлделері Балқаш, Риддер, Рудный, Жаңаөзен және Жетісай қалаларын қосқанда, Қазақстанның барлық қалаларындағы науқан қатысушыларына жеткізіледі.

Қазақстандықтар Pepsi брендін 17 жылдан астам уақыт бойы біледі және жақсы көреді, ал әлемде ол 100 жылдан астам уақыт әйгілі. Аты аңызға айналған сусынның танымалдығының сыры оның қайталанбас дәмінде және брендтен тарайтын жағымды коммуникациясында.

Pepsi өз тұтынушыларын «осы сәтпен өмір сүруге», өмірдің әрбір сәтін барынша пайдаланып қалуға шақырады. 2016 жылы бренд «өмір деген алма-кезек, оның әр сәтін жақсы көріп, жүректен өткізіп, рахаттанып бастан кешу керек» үндеуімен «Өмір деген бір сәт. Жіберіп алма!» атты жаңа кампаниясын іске қосты. Pepsi – сауық-сайранды жақсы көретін, өмірлік ұстанымы белсенді, әрдайым өзін-өзі жетілдіруге және алға қадам басуға дайын жастардың бренді.

Pepsi-мен бірге ойнаңыз және эмоциялардан рахат алыңыз! *

* Науқанның шарттарын www.pepsi.kz сайтынан оқыңыз.