01.06.2016

ASU Астанадағы көркем гимнастика бойынша 14-ші Азия чемпионатында

Тоғыз медаль, олардың 5 күміс және 4 алтын. Юниорлар арасындағы көркем гимнастика бойынша 14-ші Азия чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін осылайша аяқталды. Бірнеше жылда алғаш рет бұл жарыстар Астанада өтті және отандық спортшы қыздар тек медальдарға ие болып қана қоймай, сондай-ақ «Халықаралық санаттағы спорт шебері» атағын ала отырып, барынша жоғары нәтиже көрсетті.

Юниорлар арасындағы көркем гимнастика бойынша 14-ші Азия чемпионаты Астана қ. 2016 ж. 27 сәуірі мен 01 мамыры аралығында өтті. Оны ұйымдастырған, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен «Қазақстанның гимнастика федерациясы» ҚБ және «Астана қ. көркем гимнастика федерациясы» ҚБ. Ресми су серіктесі ASU бренді болды.

Жарысқа Азия аймағындағы 13 елдің 13-15 жастағы мықты 80 спортшы қызы қатысты. Қазақстан атынан Азия чемпионатына он спортшы қыз қатысты – алты қыз топтық жаттығуларда өнер көрсетті, олар: Регина Султанова, Даяна Жакупова, Джессика Будник, Әнел Талғатбек, Кәмила Көптілеу және Аружан Қазбекова (барлығы Астана қ. тәрбиеленушілері), сондай-ақ төртеуі – жеке жаттығуларда, олар: Қарағанды облысынан Алина Әділханова, Астанадан Адиля Тілекенова мен Алена Васенькина және Оңтүстік Қазақстан облысынан Әмина Рүстемова.

Юниорлар арасындағы көркем гимнастика бойынша 14-ші Азия чемпионатының бас төрешісі болып Азия гимнастика одағымен (AGU) Техникалық комитет мүшесі Yamamoto Rika (Жапония) тағайындалды. Төрешілер алқасының құрамына Корея Демократиялық Республикасының, Қытайлық Тайбэйдың, Корея Республикасының, Сингапурдың, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Малайзияның, Тайландтың, Жапонияның, Үндістанның, Қазақстанның өкілдері, сондай-ақ Ираннан келген тәуелсіз төрешілер кірді.

Жарыс аясында 24 медаль жиынтығы ойналды.

Жеке бағдарлама бойынша 44 қатысушы көпсайыстың жеке түрлерінде – секірмекпен, шеңбермен, доппен және шоқпармен жасалатын жаттығуларда командалық біріншілікте және жеке көпсайыста марапат жиынтықтарын жеңіп алды.

Жарысты біздің спортшы қыздардың шеберлігін жоғары бағалаған Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) өкілдері – Watanabe Morinari (Техникалық комитет мүшесі – FIG Президенті болуға үміткер), Азия гимнастика одағының (AGU) Орталық Азия бойынша вице-президенті Мустаев Руслан тамашалады. Олар, сондай-ақ, Астанадағы чемпионаттың жоғарғы деңгейдегі дайындығын, өткізілуін және ұйымдастырылуын атап өтті. Азия чемпионатының өткізілу нәтижелері бойынша олар Қазақстан астанасында спорттың осы түрі бойынша Әлем кубогын өткізуді де ұсынды.

«Юниорлар арасындағы көркем гимнастика бойынша Азия чемпионатының нәтижесі бойынша біз он халықаралық санаттағы спорт шебері атағына ие болдық. Бәрі медаль алды, бұл – Қазақстанның бүкіл көркем гимнастикасының абсолютті жетістігі», – деп қуанышын бөлісті Қазақстанның гимнастика федерациясының вице-президенті Бектұрғанова М. Тіпті, құлшыныс жетелеп Қазақстанда жастар арасынан дарынды әрі бәсекеге қабілетті гимнаст қыздар шығуда. Көркем гимнастика, түптеп келгенде, жас тұрғысынан алғанда спорттың едәуір жас түрі екенін атап өту қажет. Әдетте, қыздар төрт жастан шұғылдана бастайды да, 20-22 жаста аяқтайды. Сәйкесінше, жоғары халықаралық сахнаға жарып шығып медаль иеленуге де уақыт өте аз. Және дәл бүгін осы медальдардың көбейе түсуіне біздің ел жақын тұр: соңғы уақытта құрамы 60%-ға дерлік жаңарған жастардың да, жаттықтырушылардың да әлеуеті бар. Мысалы, ересектердің Олимпиада ойындарына спорттың осы түрінен топтық жаттығуларға Қазақстан ешқашан қатыспаған. Ал, бүгінде, 2020 жылы болатын кез келген спортшының өміріндегі басты сөресіне лицензия алу үшін күресетін қыздар да бар. Сол себепті осы Азия чемпионатын үлкен жетістіктердің тек бастамасы деп зор сеніммен айтуға болады.