27.04.2016

ASU бренді «Спорттық Қазақстан» қайырымдылық турнесін өткізеді

ASU бренді Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы «Велоспортты қолдау және дамыту» қорымен бірге республиканың 7 қаласы бойынша «Спорттық Қазақстан» қайырымдылық турнесін өткізеді. Осындай саяхаттың мақсаты спорт мектептеріне тікелей көмек көрсету, олардың тәрбиеленушілерімен, бапкерлерімен танысу, сондай-ақ жас дарындарға олардың спорттық жетістіктерге жету жолында қолдау көрсету болып табылады.

Турнедегі алғашқы қала - Қарағанды. Мұнда, 13 сәуірде Н. Әбдіров атындағы Спорт сарайының ғимаратында, Қарағанды облысының жас келешегі бар спортшыларына веложабдық пен жабдық берілді. VINO маркасының алғашқы екі тас жол велосипеді ОАБЖОҚМ тәрбиеленушілері – Федор Райш пен Виктор Абдуллаевқа берілді. Веломектептің өзге балаларына спорт киімі мен кәсіби велобілдегін сыйлады.

Қор сыйлықтарын қор өкілдері – велоспорт бойынша ҚР халықаралық кластағы спорт шеберлері (Алматы қ.) Дмитрий Андрющенко мен Евгений Непомнящий және велоспорт бойынша ОАБЖОҚМ директоры, әлемнің күміс чемпионы, олимпиадашы – Степаненко Анатолий Григорьевич тапсырды.

Әрі қарай турне болжамды бағыт бойынша – Астана, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Павлодар және Өскемен қалаларына жолға шығады.

ASU брендінің «Велоспортты қолдау және дамыту» қорымен ынтымақтастығына бірнеше жыл болды. Туған Қазақстанда спортты дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, ASU салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастаманы белсенді түрде қолдайды. RGBrands компаниясының «Маркетингтегі және сусындар мен азық-түліктер дистрибуциясындағы озық жаңартпалар арқылы бұқаралық тұтынушының өмір сапасын жақсарту» міндетін іске асыру арқылы біз спортшыларымызға ең жақсысын – жақсы өнім, жақсы жағдай, жақсы мүмкіндіктер бергіміз келеді.