12.04.2016

ASU 2016 жылдың 13-15 мамырында дзюдо бойынша бас жүлдені қолдайды

2016 жылғы 13-15 мамыр аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бүкіл әлемнің үздік дзюдошыларының қатысуымен, алдағы Рио-де-Жанейро 2016 (Бразилия) Олимпиада ойындарына қатысуға біліктілік ұпай жеңіп алу мүмкіндігін беретін, ерлер мен әйелдер арасында дзюдо бойынша лицензиялық Бас Жүлде өтеді. Осы халықаралық іс-шараға әлемнің 70 елінің шамамен 700 өкілі қатысатыны жоспарлануда. Осылайша, Қазақстанға Олимпиада чемпиондары мен әлем чемпиондары келеді.

Біздің еліміздің абыройын Максим Раков – 2009 жылдың әлем чемпионы, Азамат Мұқанов – 2013 жылдың әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Елдос Сметов – 2015 жылдың әлем чемпионы және еліміздің өзге мықты спортшылары қорғайтын болады.

ASU Олимпиада чемпиондарын құттықтайды және біздің отандастарға жеңіс тілейді! Спорт іс-шараларын қолдай отырып, біз әлеуметтік саясатымыздың басым бағыттарының бірі – салауатты өмір салтын, спортты, өмірдің барлық саласында үздік нәтижелерге талпынуды іске асырамыз.