МАқТАНЫШЫМЫЗ

RG Brands Компаниясы сапаны бағалаудағы ең жоғарғы марапат ірі кәсіпкерлік субъектілері арасындағы «халыққа тауар өндіретін ең жақсы мекеме» ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» премиясымен марапатталған


Біз кімбіз

Казақстандағы сусындар мен азық-түлік саласындағы озық компания. 1994 жылы негізін қалаған RGBrands компаниясының бүгінгі таңда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде жалпы қуаты жылына 750 миллион литрді құрайтын 4 өндірістік алаңы бар.

RGBrands күшті брендтер шоғырын өндіреді және барлық бизнес сегменттерінде жетекші нарықтық орындар алады. Сауда бойынша ауқымды жалпы ұлттық жеке платформасы мен тікелей сатудың жоғары үлесті дистрибуциясы компанияға алдыңғы қатарлы позицияларды мықты ұстауға мүмкіндік береді.

Орта Азиядағы 21 га аумақты алып жатқан алдыңғы қатарлы және заманауи зауыттардың бірі – «Ақсеңгір» өндірістік-логистикалық орталығы Компания мақтанышы болып табылады.

RGBrands шамамен 2000 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Қызметкерлер командасында жергілікті дарындар да, таяу және қиыр шетелден келген білікті мамандар да бар.

 

Біздің тарих

1994 Компанияның құрылуы. Қазақстан мен Қырғызстандағы жаһандық халықаралық брендтердің эксклюзивті дистрибьюторы.
1999 DaDa шырынын шығаратын алғашқы жекеменшік шырын өндірісін іске қосу; Pepsi шығару
2000 Алғашқы жекеменшік Пиала шай брендін шығару.
2002 «RGBrands» АҚ холдингтік компаниясын құру.
2004 «Тealand» зауытында пакеттелген шай өндірісін кеңейту.
2004 Nestle-ден сүт зауытын сатып алу және МОЕ жекеменшік сүт брендін шығару.
2005 Pepsi, Mirinda, 7Up, DaDa, Нектар Солнечный брендтерін өндіруді бастау.
2006 Газдалған сусындар, снектер және сүт бойынша қолданыстағы өндірістік алаңдарындағы қуатын кеңейту және нығайту.
2006 Франчайзингтік келісімге сәйкес Lipton салқын шайын шығару.
2007 Жекеменшік Гриззли картоп чипстерін шығару.
2009 Орта Азия және Қазақстандағы ең ірі «Ақсеңгір» зауытын іске қосу.
2010 ASU суын шығару.
2011 Жаңа өнімдерді шығару: Yeti, Aport shorle.
2012 Citi салқын шайын шығару.
2015 Пиала Ice tea жаңа өнімін шығару.